Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Автор: Асыл Арман

Ақорда ресми хабарлама таратты

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.