$ 541.68  636.26  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК қызметкері тоқтап қалған тұрғын үй төлемін сот арқылы қалпына келтірді

Сот шешім қабылдау кезінде ипотека арқылы алынған пәтер талап қоюшының толық меншігіне өтпегенін ескерді

ҰҚК қызметкері тоқтап қалған тұрғын үй төлемін сот арқылы қалпына келтірді
Фото: pixabay

Ақмола гарнизонының әскери соты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерінің Тұрғын үй комиссиясына қарсы шағымын қанағаттандырып, тұрғын үй төлемін тоқтатуды заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, Р. әскери қызметтен босатылғаннан кейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген кезең үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алған.

Кейіннен ол ҚР ҰҚК Әскери полиция департаментіне қайтадан қызметке шақырылып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, оған тұрғын үй төлемдері тағайындалған.

«2024 жылы ипотекалық қарыз шарты бойынша пәтер сатып алуына байланысты тұрғын үй комиссиясы төлемдерді тоқтату туралы шешім қабылдаған», - деп жазылған хабарламада.

Сот ипотека арқылы алынған пәтер талап қоюшының толық меншігіне өтпегенін, Қазақстан аумағында өзге тұрғын үйі жоқ екенін және Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз етілмегенін ескере отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюға қаулы етті.

Сот шешімімен:

  • ҚР ҰҚК-нің тұрғын үй комиссиясының 2025 жылғы 9 маусымдағы №42 хаттамалық шешімі Р-ға тұрғын үй төлемдерін тоқтату бөлігінде заңсыз деп танылып, күші жойылды;
  • «ҚР ҰҚК» РММ тұрғын үй төлемдерін тоқтатылған сәттен бастап қайта төлеу міндеттелді, сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай мерзім белгіленді;
  • Жауапкерден талап қоюшының пайдасына мемлекеттік баж бен өкілдік шығыстар өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Серіктес жаңалықтары