Қазақстан Ауғанстанға 270 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді
26 вагон гуманитарлық жүк теміржол арқылы жөнелтілді

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің «KazAID» халықаралық даму агенттігімен бірлесіп, Ауғанстанға теміржол арқылы ірі көлемде гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«KazAID» халықаралық даму агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, салмағы 272 тонна 728 келіні құрайтын 26 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді. Жеткізілген көмектің құрамына шатырлар, қант, көрпелер, ет консервілері және ұн кірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылдың сәуірінде Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Ол кезде дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары бар жүк әуе жолымен жеткізілді. Оның жалпы салмағы 3 тонна 396 келіні құрады.
«Қазақстан әрқашан тату көршілік қатынастарды дамытуға мүдделі және аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне алдағы уақытта да өз үлесін қосуға дайын», – делінген хабарламада.