Ақтауда шизофрениямен ауыратын ер адам жоғалып кетті

Автор: Асыл Арман

Басқұдық ауылында 51 жастағы Арыстан Есіркепов іздестіріліп жатыр

Фото: Lada.kz

Ақтау қаласының іргесінде орналасқан Басқұдық ауылында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған 51 жастағы Арыстан Есіркепов жоғалып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта ер адамды іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жоғалған азаматтың туыстарының айтуынша, 24 қыркүйек күні сағат 08:00 шамасында үйінен өз бетінше шығып кеткен. Содан бері оны ешкім көрген жоқ. Ол Қайнар көшесінде орналасқан үйде тұрады.

Ерекше белгілері: ешкіммен сөйлеспейді, кенеттен күліп жібереді.

Болжам бойынша, резеңке тәпішке, спорттық шалбар және көк түсті футболка киген. Киімі туралы нақты мәлімет жоқ.

Туыстары полицияға жүгінді. Оның туыстары көргендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарлауды өтінеді: +7 (708) 104-90-63, +7 (701) 413-15-89 немесе 102.

Тегтер: