Ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды
Алматы қаласында полиция қызметкерлері мас күйде жүк көлігін жүргізген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, медициналық куәландырудан кейін жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Соттың шешімімен ол жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«Біз мас күйде көлік басқару деректеріне қатаң тосқауыл қойып келеміз. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнетін ең елеулі қатерлердің бірі. Қабылданған шаралар полицияның қағидатты ұстанымын көрсетеді: осындай құқықбұзушылықтар жазасыз қалмайды. Мас күйде көлік басқаруға жол берілмейді», – деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.