Есірткі қолданған адамға Қазақстанда қандай жаза беріледі

Автор: Асыл Арман

Шымкентте есірткі қолданған адам ұсталды

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты есірткі қолданған жергілікті тұрғынды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс материалдарына сәйкес, ол 2025 жылдың қыркүйегінде Шымкенттегі Юлдашев көшесінде орналасқан үйде есірткі затын тұтынған.

Сотта оның кінәсі жинақталған құжаттармен және өзінің берген түсінігімен толық дәлелденді.

«Құқық бұзушы кінәсін мойындап, өкінгенін білдіргендіктен, бұл оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот шешімімен ол ӘҚБтК-нің 440-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.