Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көлік иелеріне арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше енді жүргізушілер көлік туралы барлық ақпаратты жылдам біле алады.
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді», - деп жазылған хабарламада.
Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ басқа да тиімді ұсыныстар бар:
Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.