Алдағы күндері ауа райы 28 градусқа дейін ысиды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі.

23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал.

«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман.

Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.