Жүргізушілерге ескерту жасалды
Астана – Қарағанды бағыты бойынша күре жолда орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізушілерге уақытша кептелістер мен қозғалыстың баяулауына дайын болу туралы ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, жөндеу жұмыстары 0–16 шақырым аралығындажүргізілуде. Бұл учаске арқылы Мичурино, Күйгенжар және Жібек Жолы елді мекендері өтеді.
Аталған аумақта:
Компания хабарлауынша, жөндеу кезінде жолдың өткізу қабілеті төмендеуі ықтимал, сондықтан жүргізушілерге қозғалыс уақытын алдын ала жоспарлап, қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.
«Бүгінгі күні аталған аумақта кептелістер мен қозғалыстың баяулауы мүмкін. Бұл – уақытша қолайсыздықтар, жол толық аяқталған соң жүргізушілерге ыңғайлы әрі қауіпсіз болады», – делінген хабарламада.