20.09.2025, 02:24
Жаңалықтар
Алматыда көшелердің біріне марқұм Денис Теннің аты беріледі
Алматы қаласында 156 көшеге жаңа атау берілетін болды
Фото: @denisten_academy
Алматыда көшелердің біріне марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аты берілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер талқыланып, қолдау тапты.
Қаланың атаусыз көшелеріне атау беру
Алматыдағы 156 атаусыз көшеге атау беру туралы шешім қабылданды.
Оның ішінде:
- 22 көше – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімімен аталады.
- 15 көше – тарихи тұлғалардың құрметіне беріледі.
Есімі берілетін көрнекті тұлғалар
Жаңа атауларды иеленетін көшелерге Қазақстан тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алған тұлғалардың есімдері берілмек:
- академик Әбдуәли Қайдар,
- археолог Карл Байпақов,
- тарихшы Сайым Балмұқанов,
- ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый,
- олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен,
- халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов,
- ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев,
- абайтанушы Қайым Мұхамедханов,
- қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров,
- КСРО халық артисі Наталья Сац.
Қалған 118 көше тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссиядан оң қорытынды алған.
Көп оқылған
09.06.2026, 14:12
Семейде қару асынған мас ер адам экс-әйелінің туыстарына барып, аулада жүрген итін атып өлтірді (ВИДЕО)
09.06.2026, 10:47
«Мені құшағыңа ал» демеймін»: он жыл бұрын анасынан айырылған ақтөбелік бойжеткен әкесіне іздеу салды (ВИДЕО)
09.06.2026, 12:35
«Өрт сөндірушілер 250 мың теңге жалақы алады»: Экология вице-министрі орман қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өскенін айтты
09.06.2026, 06:21
Астанада көлік жарылысынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
09.06.2026, 09:11
Қазақстанда әскерге барған 660-тан астам сарбазға ЖОО-ның гранты берілді
09.06.2026, 07:18
Нөсер, бұршақ және аптап ыстық: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды