$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге бола ма

Қазақстанда қосымша жұмыс істеу ережелері айтылды

Қазақстанда бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеуге бола ма
Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар бір мезгілде бірнеше жұмыс орнында, әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады. Оның ережелері белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметінше, бірнеше орында жұмыс істеудің белгілі бір шектеулері бар:

  • негізгі жұмыста – 8 сағаттан аспауы тиіс;
  • қосымша жұмыста – 4 сағаттан аспауы тиіс.

Осылайша, тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан артық болмауы қажет.

Қосымша жұмысқа орналасудың заңдық негіздері

Еңбек кодексіне сәйкес:

  • Қосымша жұмыс – бұл негізгі қызметтен тыс уақытта, басқа жұмыс берушімен келісімшарт негізінде атқарылатын ақылы жұмыс;
  • Қосымша жұмысқа тұру үшін қызметкер негізгі жұмыс орны бойынша анықтама (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары туралы) ұсынуы қажет;
  • Негізгі және қосымша жұмыстың жалпы уақыты Кодекстің 71-бабына сәйкес 4 сағаттан артық болмауы керек;
  • Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмыспен қатар беріледі. Егер қосымша жұмыстағы демалыс күндері аз болса, қызметкердің өтініші бойынша жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.

Кімдер қосымша жұмыс істей алмайды?

Заң бойынша қосымша жұмысқа рұқсат етілмейтіндер:

  • 18 жасқа толмағандар;
  • ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер (медициналық қызметкерлерден басқа);
  • мемлекеттік қызметшілер (олар тек педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметпен ғана айналыса алады).

Электрондық еңбек шарттары жүйесі

Қазіргі уақытта еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) барлық еңбек шарттары енгізілуде. Оның басты мақсаты – еңбек қатынастарын ашық ету және азаматтардың құқықтарын қорғау.

Электрондық жүйенің артықшылықтары:

  • қағаз құжаттарын жинау қажеттілігі жойылады;
  • жұмысқа қабылдау үдерісі жеңілдейді;
  • жұмыс беруші кадрлық есепті оңтайландырады;
  • үміткердің электрондық жеке ісінде білімі, еңбек өтілі мен тәжірибесі туралы нақты мәліметтер қолжетімді болады.
Серіктес жаңалықтары