Жұма күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК жұма күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстанда 19 қыркүйек күні солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде 2-10°, күндіз 12-20° шамасында болады.

Алматы, Жетісу және шығыстағы таулы өңірлерде өткінші жаңбыр күтіледі, кей жерлерде күн суыта бастайды.

Ал оңтүстікте – Шымкент, Түркістан, Жамбыл облыстарында негізінен ашық, күн жылы – 22–25°.

Батыс өңірлерде – БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында көбіне жауын-шашынсыз болады. Түнде кейбір аймақтарда тұман түсуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 20-27° жылы болып сақталады.