18.09.2025, 15:52
Жаңалықтар
Қазақстанда доллардың бағамы қанша болды
KASE-де доллар бағамы 541,34 теңгеге жетті
Фото: freepik.com
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 541,34 теңгені құрап, 0,21 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 18 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 541,01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 541,11 теңгені, сату – 542,81 теңгені құрап отыр. Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағасы – 539,65 теңге, сату бағасы – 544,65 теңге.
Еске сала кетсек, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,34 теңгеге өскен, 16 қыркүйекте 1,49 теңгеге төмендеген, ал 17 қыркүйекте 1,25 теңгеге көтерілген еді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды