18.09.2025, 14:58
Жаңалықтар
Алматыға қашан жылу берілетіні белгілі болды
Жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады
Фото: istockphoto.com
Алматыда жылыту маусымы орташа тәуліктік ауа температурасы +8°С және одан төмен деңгейде бес күн қатарынан сақталғанда басталады. Бұл туралы Алматы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметі Azattyq Rýhy ақпарат агенттігіне берген түсініктемесінде хабарлады.
Жылу жүйесіне қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
- бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға – балабақшалар, мектептер, медицина ұйымдары, кәсіби мектептер мен әлеуметтік-медициналық мекемелерге жылу беріледі;
- екінші кезеңде тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақүйлер қосылады;
- кейін – әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар;
- соңғы кезеңде қалған нысандар жылуға қосылады.
Басқарма барлық жұмыс бекітілген кесте бойынша жүргізілетінін және тұтынушыларға жылу үздіксіз режимде жеткізілетінін атап өтті.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды