18.09.2025, 13:52
Жаңалықтар
Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді (ВИДЕО)
Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді
Фото: Instagram/imanbekmusic
Қазақстандық музыкант және еліміздегі алғашқы «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «Латын Грэмми» номинациясына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның әнші Taichu-мен бірге орындаған Ella Quiere Techno композициясы «Үздік латын электрондық музыкасының орындалуы» (Best Latin Electronic Music Performance) категориясына ұсынылды.
Осы номинацияда тағы төрт трек бар: Orión – Sistek Remix, Qqqq, Rulay En Dubai (Extended) және Veneka.
Финалдық дауыс беру 1 қазаннан басталады, ал Latin Grammy 2025 марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды