Ақмолалық тұрғын танысының қулығынан 1,4 млн теңге қарызға батты
Ақмола облысында ер адам танысын үйіне қонаққа шақырып, артынан өзінің атына 1 млн 442 мың теңге көлемінде кредит рәсімделгенін білген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында белгілі болғандай, бойжеткен Щучинск қаласында танысының үйінде қонаққа барып, сол жерде оның телефоны арқылы несие ресімдеген. Ол «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды.
12-14 қыркүйек аралығында өткен шара кезінде полиция:
Полицейлер аула мен көшелерді, сауда орындарын және халық көп жиналатын жерлерді тексеріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударды.