$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде КамАЗ жол жиегінде тұрған әйел адамды қағып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды

Қайғылы оқиға бүгін болды

Ақтөбеде КамАЗ жол жиегінде тұрған әйел адамды қағып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды
Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде КамАЗ жүк көлігі жол жиегінде тұрған әйел адамды қағып кетті. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қыркүйек күні Едіге батыр көшесінде болды. КамАЗ жүк көлігі жол жиегінде тұрған әйелді қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Оқиға орнына дереу полицияның патрульдік жасағы мен жедел-тергеу тобы жетті. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады», – делінген агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Серіктес жаңалықтары