$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шабуыл жасап, артынша пышағын шығарды: Алматыдағы төбелес жұрттың зәресін алды

Алматыда автобус пен жеңіл көлік жүргізушілерінің арасында жанжал болды

Шабуыл жасап, артынша пышағын шығарды: Алматыдағы төбелес жұрттың зәресін алды
Фото: Видеодан скрин

Алматыда бүгін таңертең жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік жүргізушілері арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғамдық көлік жолаушыларының бірі болған оқиғаны телефон камерасына түсіріп алған.

«Бүгін 08:45-те бір ер адам №120 автобустың жүруіне кедергі келтіріп, қауіпті, апатты жағдайлар жасады. Кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасады, артынша пышағын шығарды», – делінген «Твой Алматы» Telegram-арнасында жарияланған бейнероликтің сипаттамасында.

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«2025 жылғы 16 қыркүйекте шамамен 08:50-де Алматы қаласының бір көшесінде «Боран-179» экипажы патрульдеу барысында адамдардың жиналғанын байқаған. Оқиға орнына келгенде автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісі арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал туындағаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені, апатты жағдай туғызғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді полицияда.

Істі қарау үшін материалдар сотқа жолданады.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпті қатаң сақтауға, өзара сыйластық танытуға және жолдағы мәдениетті ұстануға шақырады. Бұл қақтығыстардың алдын алып, барлық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Серіктес жаңалықтары