Заңсыз әрекет прокуратура тарапынан анықталды
Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықты анықтап, 160 миллион теңгенің мақсатсыз жұмсалуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қадағалау органы мемлекеттік сатып алулар порталын тексеру барысында қала әкімдігі 160 млн теңгеге өндірістік база сатып алуға конкурс жариялағанын анықтады. Алайда осы мақсатқа бекітілген бюджетте бар болғаны 150 млн теңге ғана қарастырылған.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, заңсыз конкурс алынып тасталды.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған жауапты тұлғаларға қатысты шара қолданылып, олар жауапкершілікке тартылды.