$ 528.31  608.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда енді дропперлер 7 жылға дейін сотталады: жаңа заң күшіне енді

Дропперлік ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады

Қазақстанда енді дропперлер 7 жылға дейін сотталады: жаңа заң күшіне енді
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады.

Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады.

Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚР ІІМ #дроппер