16.09.2025, 08:01
Жаңалықтар
Конор Макгрегор Ирландия президенті болу ойынан бас тартты
Ол сайлауға түспейтін болды
Фото: Instagram/thenotoriousmma
UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор биыл күзде жоспарланған Ирландиядағы президенттік сайлауға қатысудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды:
«Ұзақ ойланып, отбасыммен кеңескеннен кейін президенттік сайлауға қатысу жөніндегі кандидатурамды қайтарып алу туралы шешім қабылдадым. Бұл оңай шешім болған жоқ, бірақ қазіргі уақытта дұрыс шешім деп есептеймін. Бұл мен үшін соңғы сайлау емес, бұл – менің саяси жолымның бастамасы ғана», – деді спортшы.
Айта кетейік, Ирландиядағы президенттік сайлау 2025 жылдың 11 қарашасына жоспарланған. 4 қыркүйекте Макгрегор президенттік жарысқа ресми түрде қатысатынын мәлімдеген болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды