$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ондаған полицей электросамокатқа көшті: себебі белгілі болды

Қалада қазір арнайы акция өтіп жатыр

Алматыда ондаған полицей электросамокатқа көшті: себебі белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Алматыда 15-30 қыркүйек аралығында республикалық жедел-профилактикалық іс-шара – «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі мақсат

Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру, құқықтық тәртіпті нығайту және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін көтеру.

Неге көңіл бөлінеді?

Әсіресе микромобильді көлік құралдарын, соның ішінде электросамокаттарды пайдаланушылар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға басымдық беріліп отыр.

Полицияның саптық бөлімшелері жастар көп жиналатын орындарда кең көлемді рейд өткізді. Патрульдеу үшін 50 полицей электросамокатпен жасақталды. Бұл тәртіп сақшыларына қала ішінде жедел қимылдап, тұрғындарға жақынырақ болуға мүмкіндік береді.

Полиция не дейді?

Алматы қаласы ДП Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаевтың айтуынша, полицейлердің міндеті тек заң бұзушылықты анықтау ғана емес, сонымен бірге олардың алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Әрбір микромобильді көлік құралын пайдаланушы өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуі керек», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары