Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылып қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Алматы облысында көлік қозғалысын шектеу туралы жедел ақпарат жарияланды

Фото: Алматы ТЖД

«ҚазАвтоЖол» Алматы облысында алапат өртке байланысты республикалық тасжол жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәліметінше, 15 қыркүйек сағат 22:30-да Алматы облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 29-38 шақырымында (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

«Шектеудің себебі – жол бойындағы полигон аумағында шыққан өрт салдарынан түтіннің таралуы және көріну қашықтығының нашарлауы.

Жолды ашу уақыты: 2025 жылғы 16 қыркүйек, сағат 07:00», - делінген хабарламада.