$ 541.18  636.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында ер адам дүкеннен коньяк ұрлаймын деп істі болды

Степногорскіде 29 жастағы ер адам бір тәулікте екі рет арақ ұрлады

Ақмола облысында ер адам дүкеннен коньяк ұрлаймын деп істі болды
Фото: freepik.com

Ақмола облысының Степногорск қаласында полицейлер 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол бір тәуліктің ішінде екі рет дүкеннен коньяк ұрлағаны үшін жазықты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға қалай болды?

10 қыркүйекте полицияға жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, шамамен сағат 12:30-да белгісіз ер адам азық-түлік дүкенінен 0,7 литрлік екі бөтелке «Грузинский» коньягын ұрлап кеткен.

Келесі күні, 11 қыркүйекте, тағы бір тұрғын осындай арыз түсірген. Бұл жолы да сауда орнынан дәл сол маркалы бір бөтелке коньяк ұрланған. Залал сомасы нақтыланып жатыр.

Күдікті қолға түсті

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары