15.09.2025, 23:59
Жаңалықтар
СҚО-да қарт кісі үйін күтушісіне мұраға қалдырған: алайда немерелері сотқа беріп, жеңіп шықты
СҚО-да әжесінің пәтерін күтушісіне қалдырған өсиет жарамсыз деп танылды
Фото: Freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысында қарт кісі пәтерін күтушісіне қалдырғаны заңсыз деп танылды. Істі марқұмның немерелері жеңіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.
Іс қалай өрбіді?
Петропавл қаласының №2 соты марқұмның немерелерінің талабын қарады. Олар әжелерінің өсиетіне күмән келтірген, себебі құжат бойынша марқұмның пәтері күтушісіне жазылып қалған.
Сараптама қорытындысы
Сотта психолого-психиатриялық (қайтқаннан кейінгі) сараптама нәтижелері қаралды. Невропатолог, психиатр және кардиологтың қорытындыларына сәйкес, өсиет жазылған сәтте әйел өз әрекетін толық түсіне алмайтындай дертке шалдыққан.
Бітімге келді
Тараптар медиативтік келісімге келді. Соған сәйкес:
- Өсиет жарамсыз деп танылды;
- Мұрагерлік заң бойынша немерелерге өтеді;
- Күтушінің марқұм алдындағы қарызын немерелер өндіріп алмауға келісті, оны күтім көрсеткен қызметі ретінде есептеді;
- Тараптар сот шығындарын талап етпеді.
Сот келісімді бекітіп, істі тоқтатты.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды