15.09.2025, 20:09
Жаңалықтар
Талдықорғанда 90-ға жақындаған қария үйімен бірге өртеніп кете жаздады
Талдыкорғанда өрт кезінде адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Талдықорған қаласында 90 жасқа жақындаған қарт кісі үйімен бірге өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Талдыкорған қаласында уақытша құрылыс жанып, от жақын тұрған үйге тараған. Жану аумағы 60 шаршы метрді құрады.
Өрт сөндірушілер үй ішінен 1937 жылы туған ер адамды құтқарып, қауіпсіз жерге шығарды.
«Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!» – делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды