Күздің жаймашуақ күндері келе жатыр: ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер болжамы белгілі болды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер айқындайды – найзағаймен бірге жаңбыр жауады, 16-18 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, кезеңнің соңында республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
«Ауа температурасы: елдің батысында түнде 5-16° жылы, күндіз 18-28° жылы, солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың солтүстігінде топырақ бетінде 1° үсік, күндіз 15-23° жылы.
Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-23° жылы.
Орталықта түнде 2-11° жылы, күндіз 10-20° жылы. Шығыста температураның көтерілуі күтіледі: түнде 1-6° жылы, солтүстік аймақтарда 1° үсік, күндіз 15-20° жылы.
Елдің оңтүстігінде түнде 8-18° жылы, күндіз 15-25° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 10-18° жылы, күндіз 15-25° жылы», – делінген хабарламада.