Димаш Құдайбергеннің қарындасы Сарыағашқа келін болып түсті
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева күйеу баласының әулеті жайлы алғаш рет сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің анасы құдаларының әулеті туралы сөз қозғап өтті.
«Құдаларымызбен танысқаннан кейін көңіліміз орнықты. Жақсы адамдар, ақкөңіл, ақ пейіл, орнықты, өсіп-өнген үлкен әулет екен. Ағайын-туыспен керемет араласып, бірін-бірі қадірлеп, сыйлап отырған жақсы жер екен. Соны көріп қатты қуандық. Ата-анасы бар, екі жақта да әжелері бар. Ағайын-туыстарының сыйластықтары, ілтипаты ерекше жандар екен. Әрине, осының бәрі үлкен қуаныш», - дейді Светлана Айтбаева.
Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Түркістан облысының Сарыағаш жеріне келін болып түскені хабарланған болатын.