$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алданған кездер болды»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртастың анасы туралы жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Ол өз сөзінде Қайрат Нұртастың анасына қатысты ойын жеткізді

Осыдан біраз жыл бұрын Қайрат Нұртаспен бірге сахнаға шығып, елге танымал болған әнші Сырым Исабаев өнердегі серіктесінің анасы, продюсері болған Гүлзира Айдарбекова туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сырым Исабаев сөз арасында алданған кездері, келіспеушіліктер болғанын ерекше айтып өтті.

«Біреулер айта берген соң шын ба деп ойлап қаласың. Алданған кездер болды. Эфирде немесе бір ортада отырып, өкпемді айтқан емеспін. Мен түбі түсінгенім, ертең сенің де, менің де балам болады. Оған қамқор кім болады? Сен оны бірінші орында болса дейсің. Осы қағиданы ұмытпау керек.

Енді әлі де айта алмаймын, маған бір бөлек қарады, көмектескен жоқ деп. Қайратқа арқасын беріп тұрған жерін сезген жоқпын. Бірақ бір келіспеушіліктер болды. Енді оны айта берсек, кемшілік бәрінде болды. Менде де кемшіліктер бар», - дейді Сырым Исабаев.

Айта кетейік, осыған дейін Сырым Исабаев өзінің әкесі Қайрат Нұртаспен бірге өнердегі жолына деп шамамен 50 мың доллардай бергенін айтты.

Серіктес жаңалықтары