$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сырға салып, ұзату тойын өткізген өзге ұлт өкілдері жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)

Видео әлеуметтік желіде лезде тарап, елдің ыстық ықыласына бөленді

Сырға салып, ұзату тойын өткізген өзге ұлт өкілдері жұрттың ықыласына бөленді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қазақтың салт-дәстүрімен сырға салып, ұзату тойын жасаған өзге ұлт өкілдері жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеодан қалыңдыққа күйеу жігіт жақтан сырға салып жатқанын, артынша анасының қызына ақыл айтып жатқанын көруге болады.

«Бүгіннен бастап екеуің де екі жақтың ата-аналарын әке-ана деп атағандарыңды қалаймын. Бақыттарың баянды болсын!» - деп қалыңдықтың анасы жас жұбайларға тілегін жаудырды.

Видео әлеуметтік желіде лезде тарап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

«Көзіме еріксіз жас үйірілді, қандай сүйкімді жұп. Бақытты болсын!», «Мынаны көрген кез келген қазақтың көзі жасаурап кетті деп ойлаймын», «Тойлары құтты, құдалықтары мыңжылдық болсын!», «Бақытты болыңдар! Қандай керемет, мақтаныш, қуаныш, қазақтың дәстүрімен тәрбиелеп жатыр ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары