Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жүлде жеңіп алған боксшыларымызды құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, президент Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады.
«Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі», - делінген Ақорданың хабарламасында.