Әлем біріншілігі Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр
Бокстан Қазақстан құрамасының өкілдері – Төрехан Сабырхан мен Наталья Богданова әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады.
Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.
Ал Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақтың финалына шығу үшін Шантель Ридпен (Англия) қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.