13.09.2025, 20:02
Жаңалықтар
Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты
Әлем чемпионаты Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр
Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров
Қазақстандық боксшылар – Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Өз кезегінде Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды