$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер болжамы жарияланды

Жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК жексенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде – Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Өскемен, Семей, Астана қалаларында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +12…18°С аралығында болса, түнде +2…6°С-қа дейін салқындайды.

Батыс өңірлерде – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз +16…22°С, түнде +5…14°С шамасында жылы болады.

Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында түнде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндізгі температура +20…25°С, түнде +12…16°С.

Ал оңтүстікте – Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +24…30°С-қа дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары