13.09.2025, 22:24
Жаңалықтар
«Бұл не болды?»: тойға шыққан жас жігіт ұятқа қалды (ВИДЕО)
Тойда түсірілген сәт әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті
Фото: Видеодан скрин
Тойлардың бірінде футбол қақпашысы жұрт алдына өз өнерін көрсетемін деп ұятқа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда тойда түсірілген сәт әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.
Видеодан жас жігіт қақпашының жаттығу барысындағы дайындығын көрсетпек болғанын байқауға болады. Алайда оның бұл өнерін желі қолданушылары күлкіге айналдырды.
«Бұл не болды?», «Тойға биші, әнші шыққанын көрдім да, бірақ қақпашы шыққанын бірінші рет көріп тұрмын», «Өз ойында керемет көрініп тұрмын деп ойлаған болуы керек», «Табақ қойып, ақша салмадыңдар ма?», «Қақпада қалай ойнамау керек екенін көрсетті ме?» - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды