$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда танымал ЖОО-да грантпен оқыған түлек мемлекетке 2,5 млн теңге қайтаратын болды

Сот шешімі жария болды

Қазақстанда танымал ЖОО-да грантпен оқыған түлек мемлекетке 2,5 млн теңге қайтаратын болды
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Қазақстанда танымал ЖОО-да білім грантымен оқыған түлек мемлекетке 2,5 млн теңге қайтаратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселенің мән-жайы

Қыз бала әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ауыл жастарына арналған квота бойынша білім алған. Оның оқу ақысы республикалық бюджет есебінен төленіп, мемлекет 2,5 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Заң талабы қандай?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай квота иегерлері оқу бітіргеннен кейін үш жыл бойы жолдамамен жұмыс істеуге немесе мемлекет шығынын өтеуге міндетті.

Міндет орындалмаған

2023 жылы университетті тәмамдаған түлек жолдама бойынша жұмысқа орналаспаған және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген. Осыған байланысты «Қаржы орталығы» сотқа жүгініп, негізгі қарызды (2,5 млн теңге) және 666 мың теңге көлемінде өсімпұлды өндіріп беруді сұрады.

Сот шешімі қалай шықты?

Сот түлектің бюджет қаржысын өтеу міндетін орындамағанын анықтады. Дегенмен, өсімпұл көлемін ескеріп, оны 666 мың теңгеден 66 мың теңгеге дейін қысқартты. Ал негізгі қарыз – 2,5 млн теңге толығымен өндірілетін болды.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары