Астанада бір тәулікте нөмірсіз жүрген 11 көлік анықталды
Нөмірсіз және тіркеусіз жүргендерге шара қолданылды

Астанада полицейлер «Правопорядок» жедел алдын алу шарасы аясында рейд жүргізіп, бір тәулікте 11 көлікті айыптұраққа қойды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық бұзған жүргізушілер анықталды
Рейд барысында:
- мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген көліктер;
- уақытша транзиттік нөмірлері мерзімі өткен машиналар;
- пайдалануға тыйым салынған көліктер анықталды.
Мәселен, «Күйгенжар» бекетінде тоқтатылған Kia көлігі Кореядан әкелінген, бірақ Қазақстанда тіркеуге қойылмағаны белгілі болды. Оның транзиттік мерзімі де өтіп кеткен. Жүргізушіге айыппұл салынды, ал көлік арнайы тұраққа жіберілді.
Полиция ескерту жасады
Қалалық полиция департаменті азаматтарға ескерту жасады.
«Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе уақтылы тіркелмеген көлік құралын басқару – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жүргізушілер заң талаптарын дер кезінде орындап, айыппұл мен басқа да шараларға жол бермеуі тиіс», – деді ведомстводан.