$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жол апатынан 7 мыңға жуық абонент газсыз қалды

Mercedes көлігі газ құбырын қиратып өтті

Шымкентте жол апатынан 7 мыңға жуық абонент газсыз қалды
Фото: © istockphoto.com

13 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласында Mercedes автокөлігі Абай даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында орналасқан жерүсті газ құбырына соғылды. Апат салдарынан қаланың бірнеше ауданында газ беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға орнына жедел жеткен апаттық қызмет өкілдері бірнеше минут ішінде газдың шығуын тоқтатты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қанша абонент газсыз қалды?

«QazaqGazAimaq» мамандарының мәліметінше, апат салдарынан жалпы 7 мыңға жуық абонент уақытша газсыз отыр.

Қазір «QazaqGazAimaq» бригадалары зақымдалған құбырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандардың ескертуі

Компания қала тұрғындарынан қауіпсіздік үшін:

  • барлық газ құралын сөндіруді;
  • мамандар келгенде үйлеріне кіргізуді өтінді.

Жөндеу аяқталған соң газ қайта қосылады. Оқиға орнына аудандық полиция қызметкерлері де шыққан.

Серіктес жаңалықтары