Бейнежазба Қорғалжын қорығының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды
Қорғалжын қорығының қызметкерлері далада үйірімен еркін жайылып жүрген ақбөкен аңын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазба Қорғалжын қорығының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. Кадрларда ондаған жануардың кең далада жүйткіп жүгіргені көрінеді.
«Ақбөкен – өте жылдам әрі қоныс аударуға бейім жануар. Ол қолайлы жайылымдар мен жағдайларды іздеп, жүздеген шақырымға созылатын маусымдық көші-қон жасайды», – деп мәлімдеді қорық өкілдері.
Қорғалжын қорығының дерегінше, бейнежазбаны қорықтың ғылыми бөлімінің жетекшісі Қарағанды облысындағы тұзды көлдердің бірінің маңында түсірген.