$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2019, 02:29
Жаңалықтар

Таразда 3 жасар балаға қатігездік танытқан тәрбиеші жазаланды

Тараздағы балалар үйіндегі үш жасар балаға қатігездік танытқан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Таразда 3 жасар балаға қатігездік танытқан тәрбиеші жазаланды
Фото: ашық дереккөзден

54 жастағы келіншек енді екі жыл бойы педагогикалық қызмет істей алмайды, сонымен қатар ол айыппұл төлеуі керек.

«Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмектесті. Сот барысында осы жағы ескерілді. Сондықтан оған 80 АЕК (202 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Оның егде жасқа келгені ескеріліп, қаладағы қоғамдық жұмыстарға жегілмейтін болды»,- деді облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тахмина Сұлтанова.

Еске сала кетсек, 8 қазанда Тараздағы «Үміт» бөбектер үйі тәрбиешісінің жетім баланы жазалап жатқан сәтіндегі бейнежазба желіде кең тараған болатын. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түскен бейнежазбада 30 жылдық өтілі бар 54 жастағы тәрбиеші жылаған баланы жұбатудың орнына, аяғынан көтеріп, басын салбыратып, бірнеше рет жұлқылағаны түсіп қалған.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Тараз