Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов 2025 жылғы 4 қыркүйекте №1211 бұйрыққа қол қойды. Бұл құжат 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №1027 бұйрыққа өзгерістер енгізуді қарастырады, деп жазады Azattyq Rýhy
Жаңа бұйрыққа сәйкес қорғаныс министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын қалыптастыру тәртібі нақтыланды.
Ақылы көрсетілетін қызметті дамыту және ілгерілету жоспарын бекітуге жауапты тұлғалардың жаңартылған тізімі бекітілді;
Жоспарды әзірлеуге жауапты лауазымды адамдар:
- Есеп пен деректердің толық әрі дұрыс болуын қамтамасыз етуі тиіс;
- Жоспар жобасын уақтылы келісу үшін Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментіне жіберуі қажет;
Уәкілетті органмен келісуді және өзгерістерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Бұйрықтың орындалуын бақылау министрдің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына тапсырылды.
Сонымен, министрлік ақылы түрде 9 бағытта қызмет көрсетеді.
Спорт саласы
- Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері;
- Жарыстар мен спорттық іс-шараларды өткізу;
- Спорт құрал-жабдықтарын жалға беру;
- Жаттықтыру және спортшыларды даярлау;
- Медициналық оңалту
- Қонақ үй және тамақтандыру қызметтері;
- Арнайы даярлық курстары (альпинизм, сүңгуірлік, атыс);
- Фото/бейнетүсірілім, сувенир сату, көлік ұсыну.
Білім және ғылым
- Баспа, оқу-әдістемелік өнім дайындау;
- Әскери оқу орындары инфрақұрылымын жалға беру;
- Әскери даярлық және қайта даярлау курстары;
- Ғылыми зерттеу жүргізу, лицензиялық құқық беру;
- Әскери кафедра практикасы, мүлік жалға беру;
- Магистратура, докторантура, ғылыми мақалалар жариялау.
Әскери медицина
- ТМККК және МӘМС аясындағы медқызмет;
- Қосымша медициналық қызметтер;
- Зертханалық, санитарлық-гигиеналық зерттеулер;
- Дезинфекция, дератизация жұмыстары;
- Медқызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Семинар, конференция өткізу;
- Дәрі-дәрмек сақтау, медтехника жөндеу.
Әуежай қызметтері
- ҰҚЖ беру, әуе кемесіне тұрақ;
- Жүк өңдеу және жеткізу;
- Авиациялық қауіпсіздік;
- Жанар-жағармай сақтау және қамтамасыз ету.
Авиация қызметтері
Әскери-көлік және армиялық авиациямен әуе тасымалы (мемлекеттік емес ұйымдар үшін де).
Мәдениет
- Фото/бейнетүсірілім, концерт ұйымдастыру;
- Үйірме, квест, патриоттық іс-шаралар;
- Көрмелер, музей қызметі;
- Кәдесый, полиграфиялық өнім сату;
- Әскери оркестр өнер көрсетуі;
- Қонақүйлік және мәдени-демалыс қызметтері.
Навигациялық-гидрографиялық сала
- Су түбін түсіру, теңіз түбін зерттеу;
- Навигациялық жабдық орнату, қызмет көрсету;
- Картографиялау, гидрографиялық сүйемелдеу;
- Теңіз деңгейі, ауа райы туралы жедел ақпарат;
- Цифрлық/қағаз навигациялық карталар сату;
- Жағалау топографиясы, 3D карта жасау.
Сүңгуірлік қызметтер
- Сүңгуірлерді даярлау курсы;
- Кеме корпустарын суасты тексеру және жөндеу.
Теңіз көлік тасымалы
- Кемені сүйреу;
- Жүкті теңіз арқылы жеткізу.