Шығыс Қазақстан тұрғыны итін көлігіне байлап сүйреген (ВИДЕО)
Иттің иесі айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстан облысында 49 жастағы Алтай қаласының тұрғыны итін көлігінің артына байлап сүйреп жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін қоғамда үлкен наразылық туындады. Кейін ер адам жануардың үйренген орнынан шыққысы келмей, тырмалап, тістелегенін айтып ақталды.
«Көлікке итін байлап жүрген жүргізушінің кім екені анықталды. Ол – Алтай қаласының 49 жастағы тұрғыны. Жануарға қатыгездік жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік инспектор иттің денсаулығын тексеріп, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізгеннен кейін иесімен профилактикалық әңгіме өткізді. Оған жануарларды тасымалдау ережелері мен қатыгездікке қарсы заң нормалары түсіндірілді», – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.
Ер адамға 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды.