$ 538.89  629.53  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның екі қаласында тұрғындар лас ауамен демалуға мәжбүр болады

Синоптиктер: Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеожағдай күтіледі

Қазақстанның екі қаласында тұрғындар лас ауамен демалуға мәжбүр болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 11 қыркүйекте еліміздің екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында таралмай, жиналып қалуына әсер ететін ауа райы факторларымен байланысты.

«2025 жылғы 11 қыркүйекте Ақтөбе қаласында, ал түнде Атырау қаласында қолайсыз метеожағдай болжанып отыр», – делінген хабарламада.

ҚМЖ дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосферадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін ауа райы құбылыстары. Оларға мыналар жатады:

  • тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Осындай құбылыстар кезінде ластаушы заттар ауада қалып, таралмайды. Нәтижесінде, әсіресе өнеркәсіптік аймақтар мен тығыз қоныстанған аудандарда ауаның сапасы уақытша нашарлайды.

Серіктес жаңалықтары