10.09.2025, 20:00
Жаңалықтар
Ақтауда пәтерден ер адамның иістеніп кеткен мәйіті табылды
Тәртіп сақшылары есікті қаққан, бірақ ешкім ашпаған
Фото: gov.kz
Ақтаудағы 11-шағын ауданда тұрғындар екінші қабаттағы пәтерден жағымсыз иіс шыққанын сезіп, полиция шақырған. Пәтерде ер адамның мәйіті жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше тәртіп сақшылары есікті қаққан, бірақ иесі ашпаған. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды, олар балкон арқылы ішке кірген. Пәтерден бірнеше күн бойы жатып қалған 67 жастағы ер адамның денесі табылды.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені хабарланды.
Ер адам жүрек ауруына шалдығып, ем қабылдағаны белгілі болды, 10 күн бұрын ауруханадан шыққан. Ол пәтерде жалғыз тұрған.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды