$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арзан үй алып беремін»: Астанада 80-ге жуық адамды алдаған күдікті ұсталды

Тергеу барысында күдіктінің өзін құрылыс компаниясының директоры ретінде таныстырды

«Арзан үй алып беремін»: Астанада 80-ге жуық адамды алдаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay

Астанада тұрғын үй нарығында 80-ге жуық адамды сан соқтырып кеткен күдікті алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының құқық қорғау органдарына жергілікті тұрғын 51 жастағы азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазды.

«Директор» болып таныстырған

Тергеу барысында күдіктінің өзін құрылыс компаниясының директоры ретінде таныстырып, салынып жатқан үйден тиімді шартпен пәтер ұсынғаны анықталды. Ол адамдардың сеніміне кіріп, алдын ала төлем алып отырған.

Жәбірленушілер саны артуда

Жалдамалы пәтерде тұратын жәбірленушілердің бірі төмен бағаға келісіп, алдын ала қаражат берген. Алаяқ ақшаны алған соң, байланысқа шықпай кеткен. Тексеру кезінде оның осындай схема бойынша тағы 80 адамды алдағаны белгілі болды.

23 қылмыстық іс қозғалды

Күдіктіге қатысты барлығы 23 қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертуі

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға пәтер немесе құрылыс компаниясына қатысты құжаттарды мұқият тексеруді, сондай-ақ тым тиімді бағаға немесе шұғыл ұсыныстарға сенбеуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары