$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Күздің салқын әрі жаңбырлы күндері келе жатыр – синоптиктер

Тек оңтүстік өңірлер ғана жылы болады

Күздің салқын әрі жаңбырлы күндері келе жатыр – синоптиктер
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер себеп болады.

«11 қыркүйекте солтүстікте, 11-12 қыркүйекте шығыста, 11-13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Кезең соңында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Оңтүстік циклонының ықпалында болып, жаңбырмен қатар аталған өңірлерде ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжанып отыр», – делінген мамандар болжамында.

Көптеген өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;
  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;
  • Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;
  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;
  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.
Серіктес жаңалықтары