$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлсіреп, өлуге шақ қалған құлынға көмек көрсетті: полицейдің мейірімділігі жұртты елжіретті (ВИДЕО)

Атырау облысында полицей жол бойында әлсіреп жатқан құлынға көмектесті

Әлсіреп, өлуге шақ қалған құлынға көмек көрсетті: полицейдің мейірімділігі жұртты елжіретті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің әлсіреген құлынға су беріп жатқан видеосы тарады. Оқиға Атырау облысында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол жиегінде жатқан құлынды байқаған патрульдік полиция ротасының взвод командирі Ақылбек Хошаев жануарға бөтелкемен су ішкізіп, қолдан келгенше көмек көрсетті. Бұл әрекет – адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болып, әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері жол апаттарының алдын алу бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

«Осыған байланысты трассаларда үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін екенін ескертеді. Мал иелері жануарлардың жайылуын қадағалап, оларды жол бойында қараусыз қалдырмауы қажет.

Жүргізушілер де ауылдық және қала маңындағы жолдарда жануарлардың жолға күтпеген жерден шығып қалуы мүмкін екенін ескеріп, барынша мұқият болуы тиіс», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары