$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дрондар мен робот-жыландар электр және жылу желілерін диагностикалауға қолданылады

Робот құбыр арқылы өтіп, оның 3D моделін жасайды және қай жерде ақау, тот, кептеліс бар екенін анықтайды

Дрондар мен робот-жыландар электр және жылу желілерін диагностикалауға қолданылады
Фото: istockphoto.com

Энергетика министрлігі электр және жылу желілерінің жай-күйін диагностикалауға арналған заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді , деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа тәсіл бойынша электр желілерін әуеден шолу және фотосуретке түсіру үшін дрондар пайдаланылады. Бұл қазіргідей бағана басындағы сымдарды қолмен тексеру үшін жүк көтергіш техниканы пайдалануға тура келетін жұмысы көп әрі қауіптілеу тәжірибеден бас тартуға мүмкіндік береді.

 Болашақта дрондар өз бетінше дербес жұмыс істейтін болады, ал жасанды интеллект суреттерді талдап, ақауларды анықтап, тәуекелдерді болжап, желі бойында үздіксіз бақылау жұмысын атқарады. Осыған ұқсас шешім жылу желілерін диагностикалау үшін де қолданылады.

«Мұндай тәсіл мұнай саласында бұрыннан қолданылып келеді, ал қалалардағы инфрақұрылым үшін жаңадан пайда болды. Бұл жылан тәрізді ұзын құрылғы, көлемі үлкен, көптеген датчиктері бар. Міне, сол робот құбыр арқылы өтіп, оның 3D моделін жасайды және қай жерде ақау, тот, кептеліс бар екенін анықтайды. Бұл уақтылы мониторинг жүргізіп, дер кезінде әрекет етуге көмектеседі», - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Серіктес жаңалықтары