$ 538.2  629.64  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Польша әуежайы алғаш болып қол жүгіне қатысты шектеуді алып тастады

Әуежайда сұйықтықты тексеретін компьютер томографтар қойылған

Польша әуежайы алғаш болып қол жүгіне қатысты шектеуді алып тастады
Фото: ЖИ

Краковтағы Иоанн Павел II атындағы әуежайда қол сөмкеге 100 мл сұйықтық салмау туралы шектеу жойылды. Енді жолаушылар көлемі 2 литр сұйықтық алып өте алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Краковтағы Иоанн Павел II атындағы әуежай Польшада алғашқы болып қол жүгінде сұйықтықты 100 мл-ден артық алып өтуге рұқсат берді. Енді жолаушылар 2 литрге дейінгі сұйықтықты сөмкеден шығармaстан қауіпсіздік тексерісінен өте алады.

Бұл шешім 10 заманауи компьютерлік томографтың орнатылуынан кейін мүмкін болып отыр. Жаңа жүйе сөмкенің ішін 3D форматында көрсетіп, тексеру уақытын шамамен 30%-ға қысқартады. Әкімшіліктің айтуынша, жолаушылардың кезекте күту уақыты қарбалас сәттердің өзінде 10 минуттан аспайды.

2025 жылдың шілдесінде Еуропалық комиссия заманауи томографтар орнатылған әуежайларда «100 мл ережесін» алып тастауға келісім берген еді. Ұлыбритания мен АҚШ бұл жүйені әлдеқашан енгізіп, жолаушылардың қолайлылығы мен қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттырған.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары