$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таиландтан Қарағанды облысына «Қазпошта» арқылы есірткі жеткізген күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланған күдікті ұсталды

Таиландтан Қарағанды облысына «Қазпошта» арқылы есірткі жеткізген күдікті ұсталды
Фото: Видеодан скрин/ҚМА

Қарағанды облысында ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бақылап жеткізу әдісімен жүргізілген арнайы операция барысында Тайланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді.

«Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҚМА хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары